фото: https://www.mk.ru/science
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен шетелдік әріптестерімен бірлесіп, қазақстандық азаматты киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді.
Тергеу материалдары бойынша, ол шетелдік компаниялардың серверлеріне заңсыз кіріп, компьютерлік деректерді шифрлайтын зиянды бағдарламалар орнатқан.
“Деректерді қалпына келтіру үшін криптовалюта түрінде төлем талап еткен. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.
ҰҚК тінту барысында кибершабуыл кезінде қолданылған заттай айғақтар тәркілеген.
https://stan.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через