Енді әскерге шақыру SMS және eGov арқылы келеді

Енді әскерге шақыру SMS және eGov арқылы келеді
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/lvenok

        Енді Қазақстанда әскерге шақыру қағазы бұрынғыдай тек қолма-қол емес, электронды түрде де жіберіледі. Жігіттерге шақырту SMS арқылы немесе eGov порталындағы жеке кабинетіне жолданады. Бұл өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заңға енгізілген түзетулер аясында жүзеге асып отыр.

        Шақыру келген азамат үш күн ішінде әскери комиссариатқа келуі тиіс. Ол жерде медициналық тексерістен өтіп, шақыру комиссиясының шешімін тыңдайды немесе әскери бөлімге аттанады.

       Әскерге шақырудың жаңа тәсілдері мыналар:

SMS-хабарлама арқылы;

eGov порталының жеке кабинеті арқылы;

Егер азаматтың нөмірі тіркелмесе, бұрынғыдай қағаз түрінде беріледі.

        Қағаз түріндегі шақырту қол қойылып қабылдануы керек. Егер азамат одан бас тартса немесе алмаса, ол бәрібір хабарланған деп есептеледі.

        Сонымен қатар, әскери борышын өтеген азаматтар үшін жаңа мүмкіндік қарастырылған: олар әскерден кейінгі екі жыл ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен басқа да емтихандарсыз, ақылы негізде ЖОО-ға немесе магистратураға түсе алады.