Бірінші орынды Германия иеленсе, екінші орынды Норвегия жеңіп алды.
Конькимен жүгіруден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Томашув-Мазовецкийде (Польша) өткен әлем кубогының кезеңінде қола медальға қол жеткізді.
Бұл сайыста ел намысын Анастасия Беловодова, Арина Ильященко және Алена Лифатова қорғады.
Отандастарымыз командалық жарыстарда үшінші нәтиже көрсетті.
ҚазАқпарат