Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті.
XVII жазғы Паралимпия ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр.
Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды. Алтын медальді Владимир Свиридов (17.18 метр) еншілесе, күміс жүлде Кокоити Аланға (16,27 метр) бұйырды.
Екі спортшы да бейтарап ту астында өнер көрсетті.