Алматыда үш жаңа жатақхана ашылды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
24 тамыз күні жаңа оқу жылының қарсаңында жеке инвестиция есебінен салынған 980 орындық заманауи жатақханалар салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков қатысты.
"Жатақханаларда тұрмысқа қажеттінің бәрі қарастырылған: жайлы бөлмеден бастап коворкинг пен асханаға дейін бар", - деп жазылған хабарламада.
Әкімнің орынбасары мұндай жағдай студенттердің өзін үйіндегідей сезініп, жақсы оқуына ықпал ететінін атады.
ҚазАқпарат