фото: https://pixabay.com/ru/
Windows жүйесіндегі ақаулық 8,5 миллион құрылғыға әсер етті. Microsoft корпорациясының мәліметінше бұл жалпы санның 1%-тен азы.
Осы жұмада болған операциялық жүйенің техникалық қателігі бірқатар елде, соның ішінде Австралияда, АҚШ-та, Ұлыбританияда және Үндістанда әуежайларды, банктердің, коммуналдық қызметтердің және телекоммуникациялардың IT қызметтерін істен шығарды.
Барлық жүйенің толық жұмысын қалпына келтіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін, деп хабарлады британдық The Guardian басылымы.
ҚазАқпарат
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через