WhatsApp

Қазақстанның екі боксшысы Азия чемпионатында нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстанның екі боксшысы Азия чемпионатында нокаутпен жеңіске жетті
фото: Sports.kz

       Көшербаев 57 келі салмақтағы қарсыласы, Қатар өкілі Мохаммед Алфагаймен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Астанада 22 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақ боксшылары Жансері Көшербаев пен Ахмет Үсен сенімді түрде жеңіске жетті. 

Көшербаев 57 келі салмақтағы қарсыласы, Қатар өкілі Мохаммед Алфагаймен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ал 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ахмет Үсен оңтүстіккореялық спортшы Ли Мин Чжеге қарсы жекпе-жек өткізді. Нәтижесінде қазақстандық мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Астанада Азия чемпионаты 27 сәуірде басталды. 7 мамырға дейін жалғасады.

Aikyn.kz