2022 жылдың соңында жарыс кезінен бөлек өтетін міндетті допинг бақылау кезінде спортшының сынамасынан тыйым салынған препарат анықталды.
Айта кетейік, ауыр атлет осымен екінші рет допинг дауына ілігіп отыр. 7 жыл бұрын ХОК WADA көмегі арқылы оның допинг қолданғаны анықталған еді. Нәтижесінде Чиншанло Лондон Олимпиадасының чемпионы атағынын айырылып, 2016-2018 жылдары барлық санаттағы жарысқа қатысу құқығынан шеттетілген болатын.
Еске салайық, спорттан шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін ол 2021 жылғы Токиодағы олимпиадада 55 келі салмақта қола жүлде еншіледі.
ҚазАқпарат