Балықтың қырылу себебі судың сынама нәтижесі шыққан соң хабарланады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен экология департаментінің қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.
Сонымен қатар ережеге сәйкес балықтарды кәдеге асыру үшін қайта өңдеу жұмыстары (утилизация) жүргізіледі. Қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланады.
ҚазАқпарат