WhatsApp

Рингте бірінші болып өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Азия чемпионаты финалына шықты

Рингте бірінші болып өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Азия чемпионаты финалына шықты

     Таиланд астанасында 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында жартылай финал айқастары өтті.

 

     Рингке бірінші болып 48 келіде өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай шықты. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Наттхапхонг Тхуамчароен болды. Санжар қарсыласын ұпай санымен жеңіп, финалға өтті.

     Санжар Тәшкенбай –  жастар арасындағы әлем біріншілігінің (2021) және ересектер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы (2022).