«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы

8 қазанда Астана қаласында «EXPO» көрме орталығында «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтті. Шараға республиканың әр өңірінен үздік тауар өндірушілер жиналды.

Көрме-байқауды «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Биыл 153 отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша ұсынды.

Елорда тұрғындары мен қонақтары тауар өндірушілермен танысып және өндірушілердің өздері ұсынған бағада тауарларды төмен бағада сатып алды.

Конкурс дипломанттары "Қазақстанның Үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының эмблемасымен және дипломдарымен марапатталды.

Байқаудың өзі 2006 жылы ҚР Президенттің жарлығымен тағайындалып, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға жәрдемдесу, отандық тауар өндірушілердің қызметін белсендіру, халық арасында сапа идеясын кеңінен танытуға бағытталып отыр. 

Фото: avesta-news.kz