WhatsApp

Қазақстан қоржынына үшінші қола түсті

Қазақстан қоржынына үшінші қола түсті

Зүлфия Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында қола медаль ұтып алды. Жерлес спортшының додасын қазақстандық телеарналар тікелей эфирде көрсеткен жоқ.Ол жұлқа көтеруде 90 келіні бағындырды. Ал серпе көтеруде 123 келіні басынан асырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Чиншанло 213 келі көтерді. Филиппиндік ауыр атлет алтын медальға ие болды. Ол барлығы 224 келіні еңсерді (97+127)

Күміс қытайлық спортшыға бұйырды (223 келі: 97+126).

Айта кетері, Чиншанло құрамамыздың қоржынына үшінші медаль әкелді. Бұған дейін дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлет Игорь Сон қола медаль иеленді.