WhatsApp

Қазақ жігіті әлемнің үздік мұғалімі қатарында

Қазақ  жігіті  әлемнің  үздік   мұғалімі  қатарында

Қазақ  жігіті  әлемнің  үздік   мұғалімі  қатарында

Семейлік оқытушы Асхат Жұмабеков  Global Teacher Prize халықаралық сыйлығы аясында әлемнің топ-50 мұғалімдерінің қатарына ілінді. Енді қазақстандық  мұғалім бір миллион доллар көлемінде бас жүлде үшін таласады.

Әлемнің үздік педагогтарының қатарына физика пәнінің мұғалімі Асхат Жұмабеков те бар. Ол Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде ұстаздық етеді.

Мұғалім заманауи мектептерге жаңа буын адамдары қажет деп санайды. Яғни, жаңа технологиялардың тез өзгеруіне бейімделуге және жауап беруге қабілетті адамдар.

 Суретте Асхат Жұмабеков