WhatsApp

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан әйелдер құрамасы да сайысқа түседі

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында Қазақстан әйелдер құрамасы да сайысқа түседі

Түркияда өтетін IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен тұңғыш рет Қазақстан әйелдер құрамасы сайысқа түседі.

Додаға Қазақстан атынан жалпы 80-ге жуық делегат қатысады. Оның ішінде 49 спортшы бар. Бұл спортшылардың 50 пайызы мемлекет бөлген қаржы есебінен, ал қалған 50 пайызы ұйымдастырушы тараптың есебінен барады.

Сонымен қатар, қазақ күресінен тұңғыш рет әйелдер құрама командасы да барады.

Еске салайық, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Дереккөз қазАқпарат. Фото: ortcom.kz