Өскеменде зауыттағы жарылыстан соң ауа сапасы тексеріліп жатыр

Өскеменде зауыттағы жарылыстан соң ауа сапасы тексеріліп жатыр

фото: pexels.com

Өскемен қаласында өнеркәсіп алаңында болған оқиғадан кейін Экология департаментінің мамандары атмосфералық ауаның жай-күйін тексеруге кірісті, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

— Өнеркәсіптік аймақ маңында бұлттың пайда болуына байланысты жағдайды нақтылау үшін Экология департаментінің мамандары оқиға орнына шықты. Атмосфералық ауаға шығарындыларды анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Өз құзыреті шеңберінде Экология департаменті санитариялық-қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына аспаптық өлшеулер жүргізіп жатыр. Өлшеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады.

 Қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ғимарат конструкцияларын бөлшектеп, өрт ошақтарына су құйып жатыр.

— Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттің жалпы ауданы анықталады. ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Еске салсақ, Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жойқын жарылыс болды.

Материал Kazinform-тен алынды. 

Жазылу