Ипотека арзандайды: жаңа шек бекітілді

Ипотека арзандайды: жаңа шек бекітілді

фото: domclick.ru/

Елде ипотека арзандайды. 1 шілдеден бастап оның шекті мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін түседі. Бұл туралы Kazinform агенттігі Jibek Joly арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл шешімді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк қабылдаған. Несие беру талаптары да өзгереді. Мамыр айының ортасынан бастап банк несиелері мен микрокредиттердің пайыздық шегі қайта қаралады.

Мысалы, кепілсіз берілетін несиелердің жылдық тиімді мөлшерлемесі 46%-дан аспауы тиіс. Ал кепілмен алынатын қарыздар үшін бұл көрсеткіш 35%-дан жоғары болмайды.

Халық арасында кең тараған микрокредиттерге де шектеу күшейеді. Енді мұндай қарыздардың үстінен қосып төленетін ақы шектеледі. Ол жылына 179%-дан аспауы керек.

Сондай-ақ, несиеге қатысты барлық комиссия мен қосымша төлемдер енді бір пайыздың ішіне енгізіледі. Қарыз алушы нақты қанша төлейтінін бірден көре алады.

Жазылу