«Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің» бас атқарушы директоры Майкл Дэниел ел аумағындағы әуежайлардың жұмысына кедергі келтіріп отырған нысандарды атады.
— Атырау, Семей, Өскемен, Көкшетау, Балқаш, Үржар әуежайларының маңында орналасқан қоқыс полигондары ұшақтарға құстардың соқтығысу қаупін арттырып, әуе компанияларының жұмысына кедергі келтіреді. 2025 жылы құстардың ұшақтармен соқтығысуының 280 дерегі тіркелді, ал биылғы бірінші тоқсанда осындай 33 жағдай болды, — деді Майкл Дэниел Үкімет отырысында.
Сонымен қатар ол түрлі кедергілердің көбеюі және әуежайлар маңындағы жерлерді мақсатсыз пайдалану мәселесіне тоқталды. Алматы әуежайының аэродром аймағында 160-қа жуық және Шымкент әуежайы маңындағы 150-ден астам кедергі анықталды.
— Осы мәселелерді шешу үшін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» аэродром маңындағы аумақтарды тиісті аймақтарға бөлу схемаларын әзірледі және оларды жергілікті әкімшіліктерге ұсынды. Алайда, көп жағдайда бұл аймақтарға бөлу схемалары елді мекендерді дамытудың бас жоспарларына әлі де енгізілмеген. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарымен өзара іс-қимылды күшейту қажет, — деді Майкл Дэниел.
Бұған дейін қазақстандық әуе компанияларына Таяу Шығыстағы жағдай қалай әсер етіп жатқанын жазған едік.
2025 жылы қазақстандық әуе компаниялар 15 млн жолаушы тасымалдады. Биылғы алғашқы 4 айда жолаушылар саны 4 млн-нан асты.
Дерек көзі: https://kaz.inform.kz