Польшада қонжықтарын қорғаған аю 58 жастағы әйелді талап өлтірді

Польшада қонжықтарын қорғаған аю 58 жастағы әйелді талап өлтірді

фото: https://pixabay.com/

Польшада аю талаған 58 жастағы әйел көз жұмды, оқиға елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақта болды, деп хабарлайды DW.

Қайғылы оқиға Плонна ауылының маңында болған. Әйел ұлымен бірге орманға серуендеуге шыққан, шабуыл туралы полицияға сол ұлы хабарлаған.

Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелдің алған жарақаттарынан көз жұмғанын растады. Алдын ала мәлімет бойынша, оған қонжықтарын қорғаған ұрғашы аю шабуыл жасаған.

Бұл ауданда аюларды тек орманда ғана емес, тұрғын үйлерге жақын жерден де жиі көруге болады. Жергілікті шенеуніктер тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын, алайда мүмкіндіктері шектеулі екенін айтады.

2024 жылғы ресми деректерге сәйкес, Польшада шамамен 100-дей қоңыр аю мекендейді. Оның 80-ге жуығы қайғылы оқиға болған Бещады өңірінде тіршілік етеді.

БАҚ мәліметіне сүйенсек, Польшада аюдың адам өліміне әкелген соңғы шабуылы 2014 жылы болған.

Еске сала кетсек, жуырда Жапонияда елді мекенге кіріп кеткен аюды полицейлер

Дерек көзі: https://kaz.inform.kz

 

Жазылу