9,6 млн гектар аумақ дронмен бақыланады: өртке қарсы ірі жүйе іске қосылды

9,6 млн гектар аумақ дронмен бақыланады: өртке қарсы ірі жүйе іске қосылды

фото: https://turkystan.kz

       ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өрт қаупсізідігіне арналған жиын өтіп жатыр. Брифинг барысында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Мақсат Елемесов орман қорын өртті ерте анықтау жүйесімен қамту аумағы 1,5 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін ұлғайтылғанын айтты.

       Қазіргі таңда жүйе «Сайрам-Өгем», «Баянауыл», «Қарқаралы», «Бұйратау», «Іле-Алатауы» және «Көлсай көлдері» ұлттық парктерінде енгізіліп жатыр. Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін бұл жүйені Шығыс Қазақстан облысының аумағына кеңейту жоспарланған.

       — Биыл ормандарды авиациялық қорғаумен қамту көлемі 8,8 млн гектардан 9,6 млн гектарға дейін артты. Оған қоса, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ елорда маңындағы жасыл белдеуде 3 жаңа орналасу нүктесі ашылды. Қазіргі уақытта авиациялық нүктелерде 18 тікұшақ және 3 ұшақ орналастырылған.Жалпы өрт қаупі жоғары кезеңде 26 әуе кемесі жұмылдырылады. Оның ішінде 13 тікұшақ кемінде 600 литр су сыйымдылығы бар су төгетін құрылғылармен жабдықталған, — деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
 

       Бұдан бөлек, орман иеліктерінде бүгінгі күні 626 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

— Өткен жылдармен салыстырғанда дрондар арқылы патрульдеу саны айтарлықтай артқан және олар толықтай жұмыс режимінде пайдалануға дайын, — деді спикер.

       https://kaz.inform.kz/

Жазылу