фото: https://pixabay.com/
Бұл атақты диқан Ыбырай Жақаевтың ұрпақтары
Қызылордада Ыбырай Жақаевтың 9 келіні бір мезетте дауыс берді, деп хабарлайды Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы.
Бүгін екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, атақты диқан Ыбырай Жақаев атасының ұрпақтары референдумға қатысып, өз дауыстарын берді.
"Қазақ даласының құнарлы топырағында еңбек етіп, күріш өсіруде рекордтық көрсеткішке қол жеткізген Ыбырай Жақаевтың есімі ел жадында еңбекқорлық пен табандылықтың, адалдық пен жауапкершіліктің символы ретінде мәңгі сақталған", - дейді басқармада.
Ыбырай Жақаевтың ұрпақтары атасының асыл мұрасын жалғастыра отырып, ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, маңызды саяси науқан – референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Бұл – мемлекетіміздің болашағына қосылған нақты үлес, тәуелсіздік пен бірліктің, адал еңбек пен жауапкершіліктің мәңгілік символы, дейді ішкі саясат басқармасы.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через