WhatsApp

Қазақфильмнің алтын әуендері симфониялық кеште жаңғырады

Қазақфильмнің алтын әуендері симфониялық кеште жаңғырады
фото: https://www.google.com/url tengrinews.kz

Қазақстанда  алғаш рет  Ne Prosto Orchestra  ұжымы қазақ киносының жауһар әуендерін бір арнаға тоғыстыратын «Қазақфильмнің Алтын қоры» атты симфониялық саундтрек-концертін ұсынады.

Бұл кеште сахнаға 80-нен астам симфониялық оркестр музыканттары, хор және солистер шығып, қазақ киносының алтын қорына енген фильмдердегі аңызға айналған әуендерді орындайды.

Концерт бағдарламасында көрерменге жақсы таныс туындылар – «Менің атым Қожа», «Гауһартас», «Тақиялы періште», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Ән шақырады», «Алдар Көсе», «Махаббат бекеті», «Бір ауданда», «Жігіт қыз», «Қыз Жібек» фильмдерінің музыкасы шырқалады.

Бұл — жүректе сақталған әуендер, бұл — ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұра.

📍 Алматы қаласы
🗓 15 наурыз күні, сағат 19:30
🏛 Республика сарайы