фото: pixabay.com
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп жазды Kazinform.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге арзандап, 489,99 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 491,97 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 491,43 теңгеден сатып алынады, 493,76 теңгеден сатылады. Еуро 580,32 — 584,99 теңге, ал рубль 6,37 — 6,48 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,86 теңгеден сатып алынады, 73,44 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 488,00 теңгеден сатып алынады, 495,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 575,00 теңге, сату — 585,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,30 теңге, сату — 6,60 теңге.
— юань: сатып алу — 71,62 теңге, сату — 75,83 теңге.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через