Күн сайын тойып тамақтану асқазан қатерлі ісігінің қаупін күшейтеді

Күн сайын тойып тамақтану асқазан қатерлі ісігінің қаупін күшейтеді
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Tharakorn

       Асқазан обырының алдын алу үшін не істеу керек?

       Қазақ онкология ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-ғалымдары күнделікті шамадан тыс тойып тамақтану артық салмақтан бөлек, асқазан обырына да әкелетінін айтады. Бұл ретте қазір Қазақстанда онкология мәселесі өте өзекті болып отыр. Жыл сайын обырдың жаңа 3 мың жағдайы анықталса, олардың 58 пайызға жуығы кеш анықталатындықтан, емдеу шаралары жақсы нәтиже бермейді.

       Дәрігерлер тойып тамақтану кезінде асқазан қабырғалары созылып, ас қорыту баяулайтынын алға тартады. Оған қоса қыжыл пайда болып, қышқылдың кері қайтуына байланысты өңіш жолының шырышты қабығы зақымданады. 

       "Асқазанның үнемі шамадан тыс толуы оның қызметін бұзады, шырышты қабықта қабыну мен рефлюксті күшейтіп, обыр алдындағы өзгерістердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру өте маңызды", – дейді ҚазОжРҒЗИ торакоабдоминальды онкология орталығының хирург-онкологы Абай Жұманов. 

        Дәрігер қыжыл пайда болып, тәбет төмендегенде, тез тойып қалғанда, іштің жоғарғы бөлігінде ауырлық сезімі болғанда, жүрек айнып, салмақ жоғалтқанда немесе құсқанда қан бөлінсе, дереу дәрігерге қаралуға кеңес береді. 

       Мұндай жағдайға жеткізбес үшін институт ғалымдары тамақты аздап және баяу жеуге, кешкі уақытта көп тамақ ішпеуге, қыжыл жиілеген жағдайда оған мән беруге және медициналық тексеруден уақытылы өтіп тұру керектігін айтады. 

       https://informburo.kz/kaz