Күкіртсутек 36 есе артып кеткен

Күкіртсутек 36 есе артып кеткен
фото: https://pixabay.com/

Атырауда ауа ластанды. Бұл жағдайға қатысты экология департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды облыстық экология департаменті.

25 қаңтарда әлеуметтік желіде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не іргелес орналасқан елді мекен тұрғындарының шағымына қатысты тексеру жүргізді. Тұрғындар ауадағы жағымсыз күкірт иісіне шағымдарынған. Атырау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеу мақсатында сынама алу жұмыстарын жүргізді.

"Мониторинг нәтижесінде бірқатар аумақта күкіртсутегі және көміртек оксиді рұқсат етілген шектен асқаны анықталды. Мониторинг жұмыстары "Мирный" , "Водник" елді мекендері және Атырау қаласы сол жақ "Тухлая балка" булану алаңдарында жүргізілді", - дейді экологтар.

Аталған елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.

Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік-шығыс, ауа температурасы –11 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 93 пайыз.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК филиалының мамандары атмосфералық ауаның сапасын өлшеген.

"Мониторинг нәтижесінде бірқатар аумақта күкіртсутек концентрациясының шекті рұқсат етілген мөлшерден 36 есе артып кеткені белгілі болды. Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында бұл көрсеткіш 17,5 есе, Тасқала ауылына іргелес аумақта 15,0 есе, ал Химпосёлок ауданында 36,3 есе артық тіркелген", - дейді департамент.

Мониторинг төмендегі аумақтарда жүргізілді:

Кенөзек ауылдық округіне қарасты Тасқала ауылы;

Тасқала ауылына іргелес аумақ;

Химпосёлок ауданы.

Бұл елді мекендер Атырау мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан.

Сынама алу кезеңінде желдің бағыты солтүстік, солтүстік-шығыс, ауа температурасы –9 градус, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 81 пайызды құраған.

Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша экология департаменті Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын сақтай отырып, АМӨЗ ЖШС- не қатысты жоспардан тыс бақылау тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Дерек көзі: https://sputnik.kz