фото: https://vesti.kz/
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі) 5 желтоқсанда алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді.
Отандасымыз бұл жолы замбиялық Жералд Кабиндамен қолғап түйістірген еді. Төрешілер шешімімен жекпе-жек 4:1 есебімен Санатәлінің басымдығымен аяқталды.
Енді ел құрамасынан Ерасыл Жақпеков (80 келі) Буркино-Фасо өкілі Зуграна Эбенезер, Дәулет Төлемісов (86 кел) бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен шаршы алаңға шығады.
Қазірге дейін алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Нурмагамед Юсупов (92 келі) тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ алдағы күндерде ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через