фото: Энергетика министрлігі
Алкилат жанармай өндірісінде негізгі құрамдас бөлік ретінде қолданылады
Павлодар облысында алкилат өндіретін зауыттың құрылысы басталды, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Жаңа зауытта жылына шамамен 100 мың тонна алкилат шығарылмақ. Алкилат – К5 класты АИ-95/98 экологиялық таза бензиндерге арналған жоғары октанды компонент.
"Жобаға 35 млрд теңгеден астам инвестиция салынады, кәсіпорынды іске қосу 2027 жылға жоспарланған", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта энергетика министрлігі салалық қауымдастықтар және сарапшылармен бірлесіп мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын әзірлеп жатыр. Ол қайта өңдеу жобаларын жеделдетуге, қайта өңдеу жобалары үшін жаңа қолдау құралдарын құруға бағытталған. Сондай-ақ заң сала үшін ұзақмерзімді өсімге қажетті ашық әрі болжамды ережелерді бекітеді.
Алкилат – бұл химиялық зат, негізінен алкилденген көмірсутектердің қоспасы. Ол жанармай өндірісінде, әсіресе жоғары октанды бензин шығару үшін, негізгі құрамдас бөлік ретінде қолданылады.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через