"Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті толық сақталады

"Медеу" мұз айдынының тарихи келбеті толық сақталады
фото: https://sputnik.kz/

Жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді

       Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

       "Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Қала басшысы жаңғырту кезінде мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын айтты", - деп жазылған хабарламада.

       Әкімдік хабарлауынша, жоба энергия үнемдейтін шешімдерді енгізуді көздейді: жаңа тоңазытқыш жабдығы орнатылып, инженерлік желілер жаңартылады. Шығыс қанаттағы қонақ үй жөнделеді, ал батыс трибунада кофеханалары бар терраса мен демалыс аймағы жасалады.

       Алматы әкімі Дархан Сатыбалды "Медеу" биік таулы спорт кешенін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты

       Ведомство мәліметінше, кешен алдында SUN-DECK демалыс аймағын құру көзделген. Іргелес аумаққа жүргіншілер бағыттары, шолу алаңдары, көгалдандыру және сәулеттік жарықтандыру қосылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін екі жеделсаты орнатылады.

       Бұл жұмыстар 2027 жылы төртінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр.

       https://sputnik.kz/