Жылыту маусымында апат қаупін 25%-ға төмендететін цифрлық сервис әзірленіп жатыр

Жылыту маусымында апат қаупін 25%-ға төмендететін цифрлық сервис әзірленіп жатыр
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды

Энергетика министрлігі отын-энергетикалық кешенін басқарудың сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізіп жатыр.

Ведомство хабарлағандай, цифрландыру нәтижесінде жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелі 25%-ға азаяды.

Қазіргі уақытта министрлік "Отын-энергетикалық кешенді басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (EnergyTech) атты салалық платформаны жүзеге асырып жатыр.

"EnergyTech платформасы QazTech стандарттарына сәйкес әзірленген бірыңғай цифрлық шешім негізінде энергетика, жер қойнауын пайдалану, қайта өңдеу және көмір өнеркәсібі сияқты ӨЭК-тің барлық салаларын біріктіреді. Платформаны толық көлемде іске асыру және өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026–2027 жылдары жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда жеті цифрлық сервис жұмыс істеп жатыр, оның екеуі энергетика секторында: күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын мониторингтеу бойынша цифрлық сервис; шекті тарифтерді бекітуге арналған цифрлық сервис.

2025 жылы күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен өту барысын бақылау жөніндегі салалық сервис тәжірибелік пайдалануға енгізілді. Келесі кезең – қағаз түріндегі ақау журналдарынан цифрлық тізілімдерге көшу, бұл бақылау сапасын арттырып, шешім қабылдау тиімділігін жоғарылатады. Күтілетін нәтиже: жылыту маусымына дайындықты бақылау мерзімін 90 күнге дейін қысқарту; жылыту маусымындағы апаттылық тәуекелін 25%-ға төмендету.

Қазіргі кезеңде сервис 63 субъектіні, 83 генерация нысанын және 1 600-ден астам өңделген құжатты қамтиды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz