фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/fizkes
ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
ҚМА мәліметінше, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің басшысы кәсіби білімін пайдалана отырып, схеманы іске асыру үшін кәсіпкерлерге қызмет көрсететін бухгалтер туысын тартқан.
"Бухгалтер кәсіпкерлердің ЭЦҚ-ларын рұқсатсыз пайдаланып, жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек қатынастары заңды түрде рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған. Сонымен қатар, бірнеше таныс адам тартылып, олардың міндетіне жүкті әйелдерді табу және ұсынылып отырған рәсімдеудің заңды екеніне сендіру кірген.
Ұсынылған жалған деректер негізінде уәкілетті органдарда жәрдемақылар тағайындалған. Алынған қаражат кейіннен схеманың қатысушылары арасында бөлінген", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде 13 жеке кәсіпкердің атынан 50-ден астам жүкті әйелге 6 миллион теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленген. Мемлекетке келтірілген залал 200 миллион теңгеден асты. Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через