фото: pixabay.com
Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа жыл алдында азық-түлік бағасы қалай құбылатыны туралы пікір білдірді, деп жазды kaz.inform.kz.
Жаңа жыл жақындаған кезде стандартты, белгілі бір қымбаттау болатын шығар.
— Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Былтыр жаңа жыл қарсаңындағы кезеңді айтарлықтай қалыпты өткердік. Биыл да солай болады деп үміттенеміз. Жаңа жылға қарай бағаның ажиотажы болады деп ойламаймын. Жаңа жыл жақындаған кезде стандартты, белгілі бір қымбаттау болатын шығар. Бірақ жаппай өсу болмайды, — деді ол Үкімет отырысынан кейін өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, халық көбінесе 29 түрлік өнімді тұтынады, деп жазды kaz.zakon.kz.
"Шын мәнінде, азық-түлік себетінде 160 түрлі тауар бар. Қазір негізінен әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне кірмейтін тауарлардың бағасы өсіп жатыр. Ал әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы өспейді. Осы айда екі апта ішінде тек 0,1% ғана өсті. Менің ойымша, ӘМАТ бағасы өсіп кетпейді, себебі біз оны бақылауда ұстап отырмыз", – деді Жұманғарин.
Сондай-ақ, вице-премьер қазіргі инфляцияның себебіне қандай факторлар әсер етіп жатқанын айта келіп, Үкімет пен Ұлттық банк қабылдайтын 3 жылдық бағдарлама сол себептерді жоюға арналғанын еске салды.
— Қазіргі инфляцияның себептерін бұған дейін талай айттым. 2026, 2027 жылдары ахуалды түзете аламыз деп ойлаймын, — деді Серік Жұманғарин.
Ол сондай-ақ қазіргі кезде баға өсімі әлеуметтік маңызды тізімге кірмейтін өнімдерге қатысты екенін атап өтті.
"Сауда үстемеақысын бақылау мүмкіндігі бар. Бірақ қазір қызанақ, қияр, әртүрлі ет өнімдерінің бағасы өсіп жатыр, олар әлі маусымдық кезеңде әлеуметтік маңызды тізімге кірмейді. Сол сияқты қарақұмық та қымбаттап отыр. Оның қолдану аясы кең емес, бірақ тауар ретінде бағасы айтарлықтай өсті", – деді Жұманғарин.
Материал kaz.inform.kz, kaz.zakon.kz сайттарынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через