фото: https://news.kaznmu.kz
3 желтоқсанда ҚР ПІБ МО Ұлттық госпитальінде еліміздің медицина саласындағы жас зерттеушілер мен дәрігерлер үшін аса маңызды оқиға – жас мамандардың III Республикалық «SOVMIN FORUM 2025» ғылыми конференциясы өтеді.
Форум еліміздің жетекші клиникалары мен ғылыми орталықтарында қызмет ететін жас ғалымдарды біріктіріп, оларды клиникалық ғылымдағы жаңа ізденістермен, заманауи зерттеу бағыттарымен және денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті тақырыптармен таныстыруды мақсат етеді.
Іс-шара Алматы қаласы, Панфилов көшесі 139 мекен-жайында орналасқан Ұлттық госпитальдің үлкен мәжіліс залында (3-қабат) ұйымдастырылады.
Ғылым мен инновация тоғысқан күн
Биылғы форум бағдарламасы мазмұндылығымен ерекшеленеді. Қатысушыларға кардиология, нейродиагностика және деменцияны ерте анықтау, урология, трансплантология, акушерлік іс пен хирургия бағыттарында тың ғылыми баяндамалар ұсынылады.
Жас зерттеушілер өздерінің жаңа ғылыми нәтижелерін, клиникалық тәжірибеге енгізуге дайын практикалық әзірлемелерін ортаға салып, пікір алмасады. Форум еркін ғылыми талқылаулар алаңына айналып, жас мамандарға кәсіби өсімге зор серпін бермек.
Сонымен қатар, заманауи диагностика мен емдеудің жаңа технологияларын таныстыру, цифрлық медициналық шешімдерді дамыту және отандық медициналық импланттар әзірлеуге арналған арнайы секциялық жиындар да ұйымдастырылады.
БАҚ үшін ашық алаң
Ұлттық госпиталь форум жұмысына БАҚ өкілдерін белсене қатысып, медицина ғылымындағы жаңа бағыттарды көпшілікке жеткізуге атсалысуға шақырады.
Тіркеу және қосымша ақпарат:
Ұлттық госпитальдің баспасөз қызметі
Тел.: +7 (777) 807 87 77
E-mail: eshmet_k@snh.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через