фото: pixabay.com
Күз бен қыста тұмау иммунитеттің әлсіреуі және инфекция қаупінің жоғарылауына байланысты қауіпті, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Бүгінгі таңда елімізде тұмауға шалдығушылар қатары көбейіп барады.
Бұл жолғы тұмаудың жөні бөлек пе?!
Әлеуметтік желіге кірсеңіз, «балам белгісіз вируспен ауырып жатыр», «ауруханаларда орын жоқ» деген жазбалардан көз сүрінеді. Ауырған науқастарды, әсіресе дене қызуының 40 градустан түспеуі әбігерге салуда. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға қатысты былай деп отыр, деп жазды ktk.kz.
Манар Смағұл ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
— Иә, бұл маусымдағы жағдай. Яғни қазір мониторинг бойынша, тұмау және басқа да респираторлық аурулар өршіп тұрған жоқ. Ол тек маусымдағы кезең. Тұмаумен қатар Ковид вирусы да айналымда жүр. Ол стратус деген омикронның басқа типі. Оның басқа типтерінен айырмашылығы — тез жұғады. Бірақ бізді алаңдатпайтыны — ауыр жағдайға сирек алып келеді.
Ақбаян Арапшева, Астана қаласы, Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
— Қазір эпидемия жағдай тұрақты. Тұмаумен ауыратындардың өскені байқалады. Жалпы Астана қаласында екі инфекциялық орталық жұмыс істейді. Оның бірі ересектерге арналған инфекцияялық оталық және балаларға арналған көпбейінді №3 аурухана.
Ауырмаудың жолын ізде!
Күз бен қыста иммундық жүйеңізді нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстану маңызды:
- дұрыс тамақтану;
- ұйқы және демалыс режимін сақтау;
- үнемі дене шынықтырумен айналысу және көбірек қозғалу.
Сондай-ақ, гигиенаны сақтау, бөлмелерді желдету, стресстен аулақ болу және алкогольді тұтынуды шектеу маңызды.
Қосымша қорғаныс үшін тұмауға қарсы екпе алуды қарастырыңыз.

Фото: pexels.com.
Салауатты өмір салты ұстану
Ұйқы: Иммундық жүйеңізді қолдау үшін әр түнде 7-8 сағат ұйыұтаңыз.
Физикалық белсенділік: Аптасына үш рет 30 минут жаттығу жасаңыз немесе күндіз көбірек қозғалыңыз. Жаяу серуендеңіз, баспалдақпен көтеріліңіз.
Таза ауа: Денеңізді оттегімен қанықтыру және оның табиғи қорғанысын нығайту үшін далада жиі серуендеп, үйіңізді күніне бірнеше рет желдетіңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через