фото: pixabay.com
24 қарашадан бастап жаңа несиелерді рәсімдеу тәртібі күрделенеді,. Бұл туралы "Сапалы қазақстан" порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банктің банктер мен банк-емес ұйымдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қатысты ережелеріне өзгерістер енгізілді. Соның ішінде қарыз алушыларға қойылатын талаптар күшейтілді.
Ең маңызды өзгеріс – қарыз жүктемесінің коэффициенті қайта қаралды. Соңғы 12 айда 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтар үшін КДН 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендетіледі. Бұл олардың шамадан тыс қарыз жүктемесін алуына шектеу қойып, қайта дефолтқа ұрыну тәуекелін азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық несие беруге бірнеше шектеу енгізіледі.
Мұндай несие төмендегі жағдайлардың бірі анықталса берілмейді:
- банк несиелері бойынша 30 күннен астам мерзімі өткен берешек немесе микрокредиттер бойынша 1 күннен астам кешіктірілген қарыз болса;
- 2025 жылғы 1 шілдеден кейін негізгі қарыз немесе сыйақы толық кешірілген жағдайлар соңғы 36 айда тіркелсе;
- соңғы 12 айда жүргізілген реструктуризация қарыз алушының міндеттемелерді орындауына көмектеспеген болса.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через