фото: pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақтелекоммен бірлесіп Naqty Onim қосымшасында цифрлық сервисті іске қосты, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.
Онда әрбір азамат дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексере алады, сондай-ақ жоғары бағаларға шағымдана алады, деп жазды kaz.inform.kz .
2024 жылдың шілдесінен бастап Қазақстандағы барлық дәрі-дәрмектер міндетті таңбалаудан өтеді. Бұл пациенттерді жалғаннан қорғайды және зауыттан дәріханаға дейін толық бақылауды қамтамасыз етеді.
Таңбалаудың арқасында тегін препараттарды заңсыз сату фактілері анықталды. Бас прокуратура бірлесіп тексерулерді басталды.
Ашықтық қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр: фармацевтикалық сектордан түскен салық түсімдері 24%-ға өсті.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через