Елімізде 38 мың интернет-ресурс бұғатталды

Елімізде 38 мың интернет-ресурс бұғатталды
фото: pixabay.com

 «Киберқадағалау» мониторинг жүйесінің арқасында елде балаларға зиянды әрі заңға қайшы ақпарат таратқан 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Балалардың цифрлық ортада белсенді болуы және жасөспірімдердің онлайн кеңістікке терең бойлауы ата-аналар мен мамандардан жаңа дағдыларды талап етеді. Комитет дерегінше, онлайн қауіптердің алдын алудағы маңызды тетік – отбасы тарапынан бақылау, деп жазды kaz.inform.kz.

«Ата-ана бақылауын күшейту өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді», – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Балаларға зиянды әрі заңға қайшы контенті интернет-ресурстар «киберқадағалау» мониторинг жүйесінің арқасында анықталған, деп жазды qazaqstan.tv. 

Айта кетсек, осыдан 4 жыл бұрын заңнамаға «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілген еді. Сондай-ақ, балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін жасына қарай шектеу

 2024 жылдан бастап жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 339 әкімшілік іс тіркеліп, олардың 198-і буллинг фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Материал  kaz.inform.kz, qazaqstan.tv сайттарынан алынды.