фото: Астана қаласының әкімдігі
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры «Жылы мұң» атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды.
Сценография, костюм, жарық пен визуалды бейнелердің басым бөлігі ЖИ арқылы дайындалды
Астанада Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Жылы мұң" атты спектакльді көпшілік назарына ұсынды.
Бұл спектакль жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалған, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл – қазақстандық театр кеңістігінде алғаш рет ЖИ толыққанды шығармашылық құрал ретінде қолданылған жоба.
"Біз жасанды интеллектіні шығармашылық процеске қалай енгізу керегін ұзақ зерттедік. Бұл – үлкен тәуекел, себебі театр табиғаты адам сезіміне, актерлік ойынға негізделеді. Бірақ уақыт талабы – технологиямен жұмыс істей білу. Сценография, костюм, жарық пен визуалды бейнелердің басым бөлігі ЖИ арқылы дайындалды. Қазақ театрында мұндай эксперимент алғаш рет жасалып отыр", – деді театр директорының орынбасары.
Театрдың мұндай батыл шешімге келуіне Үкімет деңгейінде айтылған цифрлық трансформация бағыты да ықпал еткен.
Спектакльдің режиссері және пьеса авторы Нұржігіт Мүслімов премьера алдында қойылымның көркемдік мақсаты мен идеялық жүгін түсіндірді.
"Жылы мұң – жанұяның күйреуіне әкелетін нашақорлық дерті туралы эмоционалдық тұрғыдан ауыр, бірақ қоғам үшін аса маңызды шығарма. Мен көрерменді жылатып немесе үркітуді емес, ойландыруды көздедім. Әр адам бұл қойылымнан өз тағдырының бір бөлігін көруі мүмкін, әсіресе ана мен бала арасындағы нәзік байланысты сезінеді", – деді режиссер.
Қойылым көрерменді 2000 жылдардың атмосферасына жетелейді. Тарихи кезеңді қайта жаңғырту үшін ЖИ-дің көмегімен сол уақытқа тән интерьер, киімдер, тұрмыстық бөлшектер мен визуалды фон жасалған.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через