Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлерін алып тастады

Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлерін алып тастады
фото: yandex.kz

       Алматының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері Сайран көліндегі понтон көпірлері неге алынып тасталғанын түсіндірді. Әкімдік қызметкерлерінің хабарлауынша, аталмыш құрылымдар көктемде қайта орнатылады.

       Ведомство өкілдерінің айтуынша, Сайран көлінің аумағын абаттандыру жобасы аясында адамдардың өтуіне қолайлы әрі қауіпсіз болатын екі понтон көпірінің құрылғысы бойынша жұмыстар атқарылды.

       "Сайран көлінде орналасқан понтон көпірлер қысқы кезеңге арналған жыл сайынғы консервациялау және көлдегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты уақытша алынып тасталынды. Келесі жылдың көктемінде су қоймасының деңгейі қалпына келгенде бұл құрылымдар қайта орнатылады", - деді әкімдіктегілер.

       Оған қоса әкімдіктің баспасөз қызметі құрылымдарды қанағаттанарлық техникалық жағдайда сақтау үшін оларды жыл сайын бөлшектеп, монтаждау жұмыстары жүргізіліп отыратынын нақтылады.

       https://kaz.nur.kz/