2Gis арқылы енді қоғамдық көлікпен жүру ақысын білуге болады

2Gis арқылы енді қоғамдық көлікпен жүру ақысын білуге болады
фото: pixabay.com

Мұндай функция еліміздің 12 қаласында қолжетімді. 
                           

Қазақстанның 12 қаласында 2Gis қосымшасы қоғамдық көлікпен жүру ақысына қатысты ақпараттық функцияны қосты. Бұл туралы сервистің маркетинг қызметі хабарлады, деп жазды Informburo.kz. 

Әзірге бұл функцияны Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Семей, Тараз, Шымкент қалаларында пайдалануға болады. Сервис тек қана автобустар емес сонымен бірге троллейбус, трамвай, метро – қоғамдық көліктің барлық түрінің ақысын көрсете алады. 

Сондай-ақ, діттеген жерге бір транспорттан екіншісіне ауысып міну қажет болса, сервис жолдың әр бөлігінің ақысын жеке және оған қоса сапардың толық құнын да хабарлайды. 

"Қазақстанда алғаш рет геосервис пайдаланушылары маршрутты ғана емес, сонымен қатар оның құнын да көре алады. Бұл сенімділікті арттырады және маршрутты түсініктірек етеді. Жолаушылар сапар алдында оның құнын біліп, жоспарлай алады. Бұл функция, әсіресе, қала қонақтары үшін немесе қоғамдық көлікпен сирек жүретіндерге пайдалы болмақ", – деді 2Gis-тегі "Көлік" өнімінің менеджері Дмитрий Шварц.

Материал Informburo.kz сайтынан алынды.