TikTok қандай видеоны ескертусіз және тез өшіреді

TikTok қандай видеоны ескертусіз және тез өшіреді
фото: pixabay.com

 TikTok 2025 жылдың сәуір мен маусым айлары аралығында қауымдастық ережелерін бұзған 189 миллионнан астам видеоны платформадан өшіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолы.

ҚазАқпарат хабарлағанындай, үш ай ішінде 189 миллионнан астам видео платформадан жойылған. Бұл видеолардың 99%-дан астамы қолданушыларға ескертілместен, ал 90%-дан астамы ешкім көрмей тұрып өшірілген. Қолданушылар тарапынан шағым түскен контенттің 80,6%-ы орта есеппен 2 сағат ішінде платформадан алынды.

TikTok-тың контентті бақылау жүйелері тікелей эфирлерге де күшейтілген бақылау орнатқан. Жылдың екінші тоқсанында қауымдастық ережелерін бұзған 36 миллионнан астам тікелей эфир тоқтатылды. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 100%-ға артық және TikTok-тың цифрлық қауіпсіздік пен тікелей эфирлердегі тәртіпті сақтауға берік бейілділігін көрсетеді.

Жастардың қауіпсіздігі — басты назарда

Өшірілген видеолардың 30,6%-ы — мазмұны жағынан әдепке сай емес, ал 30,5%-ы — жарнама немесе сауда мақсатындағы бейнематериалдар болған.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған саясат аясында өшірілген контенттің 94,4%-ы ешкім көріп үлгермей тұрып жойылған.

13 жасқа толмаған қолданушыларға арналған шектеулер аясында 25 миллионнан астам аккаунт қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін бұғатталды.

Сәуір мен маусым аралығында жарнама саясатын бұзған қолданушыларға жүргізілген тексерулер нәтижесінде 8 миллионнан астам материал платформадан алынды. Ереже бұзушылықтардың басым бөлігі аккаунт деңгейінде қабылданған шаралардың нәтижесінде анықталған.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.