фото: pixabay.com
Бағаның өсуіне не себеп?
Қырғызстанда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі жалғасып келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Пәтерлер мен жеке үйлердің бағасы күрт қымбаттап жатыр. Бұл жағдайға макро және микроэкономикалық бірқатар себеп әсер еткен. Мұны
Мемлекеттік жер ресурстары, кадастр, геодезия және картография агенттігі растады.
Баға неге өсіп жатыр?
Сарапшылардың айтуынша, негізгі себеп — инфляция. Құрылыс материалдарының басым бөлігі Ресей, Қазақстан және Қытайдан әкелінеді. Ел ішінде өндірілетін цемент пен кірпіш те жеткіліксіз. Сонымен қатар, жұмыс күшінің қымбаттауы да құрылыс бағасына әсер еткен.
Нарықтағы жағдай
Баға әсіресе ірі қалаларда — Бішкек, Ош, Манас пен Қаракөлде айтарлықтай өскен.
Жер тапшылығына байланысты көпқабатты үй салу қарқыны артып отыр.
Пәтер сатып алу мәмілелері азайғанымен, жеке үйлерге сұраныс артқан. Ал құрылыс компаниялары жеке үйлерді көбіне жер телімі үшін сатып алып жатыр.
Статистика
Бішкекте жеке үйлердің орташа бағасы 2025 жылдың алғашқы 8 айында 16,2 млн сомға жеткен — бұл өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға жоғары.
Ең қымбат үйлер Октябрь ауданында орналасқан. Құны шамамен 24,6 млн сом.
Ош қаласында жеке үйдің бағасы бір жылда 19,3%-ға өскен.
Ел бойынша 8 айда 17 930 жылжымайтын мүлік келісімі жасалған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 018 мәмілеге көп.
Ошта мәміле саны 74,6%-ға артса, Бішкекте керісінше 4,3%-ға азайған.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через