Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салына ма?

Қазақстанда түсік жасатуға тыйым салына ма?
фото: https://pixabay.com/ru/

Түсіктің басым бөлігі 25-35 жастағы әйелдер арасында тіркеледі

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсік жасатуға тыйым салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 70 мың түсік жасалады. Соның басым бөлігі 25-35 жастағы әйелдер арасында тіркеледі.

Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер Ақмарал Әлназаровадан түсік жасатуға тыйым салу жайында сұрады. Министрдің айтуынша, түсік жасатуға тыйым салынбайды.

"Жоқ, денсаулық сақтау министрлігіне ондай жоспар жоқ. Біз барынша өркениетті әдістерді таңдаймыз", - деп қысқа ғана қайырды Әлназарова.

 Дерек көзі: https://sputnik.kz