фото: pixabay.com
Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиёева 2 күн бұрын мысығын жоғалтып алған еді. Мысық аман-есен табылды, деп хабарлайды kaz.orda.kz.
Президенттің қызының айтуынша, мысық 11 қазан күні Қарасу-1 аймағында жоғалып кеткен. Мысық президенттің отбасында бірнеше жылдан бері өмір сүріп келіпті. Ол Шавкат Мирзиёевтің балаларымен бірге өскен екен. Мысық әсіресе президенттің кіші қызы Ранияға жақын болған. Президенттің туыстары мысықтың жоғалғаны туралы хабарландыру таратып, халықтан көмек сұрады.

Фото: Instagram/ @Shahnoza_mirziyoyeva
Ақыры президенттің қыздары сүйікті мысықтарын тапты. Шахноза Мирзиёева әлеуметтік желіде жазба жариялап, мысықтың табылғанын хабарлады. Сонымен қатар, өтінішіне бей-жай қарамаған өзбекстандықтарға алғыс білдірді.
«Сіздердің жауапты әрі мейірімді болғандарыңыздың арқасында біздің мысығымыз қайтадан үйге оралды» деп жазды ол.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через