фото: pixabay.com
Театр мен музейлерге және басқа да мәдени орталарға бару адам өмірін денсаулық жағдайы, қоғамдағы орны мен ауқаттылығына қарамастан ұзартады. Мұндай шешімге Лондонның Университеттік колледжінің зерттеушілері келген, деп жазады Tengrinews.kz.
Ғалымдардың сөзінше, мәдени шараларға неғұрлым көп барған сайын, соғұрлым өлім деңгейі төмендейді екен. Ғалымдар зерттеуге қатысушылардан 14 жыл бойы мәдени орталарға қаншалықты көп барғандарын сұрап, зерттеген. Зерттеуден кейін мәдени орталарға бару өлім деңгейін 14 пайызға, ал жиі бару 31 пайызға азайтатыны анықталыпты.
Яғни, адам өмірінде мәдениет ерекше орын алады: жиі барған сайын адамның өмір сүруі де ұзарады. Бұл әсер немен байланысты екенін белгісіз.
Ал сіз музей, кітапхана, театр секілді мәдени орындарға жиі барасыз ба?
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через