Дәрігерлердің рецептіні түсініксіз жазуынан мыңдаған адам бақилық болған

Дәрігерлердің рецептіні түсініксіз жазуынан мыңдаған адам бақилық болған
фото: Islam.kz

Үндістанның Пенжаб және Хариан штаттарының жоғарғы соты дәрігерлерге жазу қолтаңбасын жақсартуды міндеттеді.

Өйткені, мемлекеттік дәрігердің сот-медицина тұжырымдамасын ешкім оқи алмаған, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Сот жетекшісі Жасгурприт Сингх Пури анық та қанық жазылған медициналық рецепті негізгі құқықққа жататынын мәлімдеді. Яғни, пациент өзінің қауіпсіздігі үшін дәрігердің не жазғанын білуге құқылы. Бұл мәселені алдағы уақытта, дәлірегі, екі жыл ішінде цифрлы рецептіге көшу арқылы шешуі мүмкін. Оған дейін дәрігерлер рецептіні анық та қанық етіп жазуға міндетті.

Десе де Үнді медицина қауымдастығының президенті Дилип Бханушали дәрігердің қабылдауына келген пациенттердің көптігінен дәрігерлер жазуын түсінікті етіп жазып отыруға уақыты тапшы екенін алға тартты. Үндістанда мұндай жағдай алғаш рет емес, Одиш және Аллахаба соттары да бұрын дәрігерлердің жазу қолтаңбасын қатаң сынға алған болатын. Күллі әлем бойынша дәрігердің осындай салғырттығынан, яғни, рецептіні түсінікті етіп жазбауынан мыңдаған науқас бақилық болған екен. 1999 жылы Америка құрама штаттарында жарияланған есепте келтірілген дерекке сәйкес жыл сайын дәрігердің түсініксіз қолтаңбасынан 7000 адам қайтыс болады.

Дерек көзі: https://aqshamnews.kz