фото: https://kzclip.org/
20-24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады.
Апталық аясында көрермен назарына отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады.
Бағдарламада цифрландырылған классикалық шығармалармен қатар, жаңа заманауи жобалар да қамтылған. Бұл — ұлттық режиссерлердің шығармашылығымен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысуға тамаша мүмкіндік.
- Барша астаналықтар мен қала қонақтарын ұлттық анимация әлеміне саяхат жасауға шақырамыз!
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)
Басталуы: 16:00
Кіру тегін! - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через