фото: pexels.com
Кептелістерді азайту және өткізу қабілетін арттыру мақсатында «Алматы — Бішкек» автожолының 19–27 шақырым аралығындағы қозғалыс төрт жолақтың орнына сегіз жолақ бойынша ұйымдастырылмақ. Бұл туралы ҚазАвтожол баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында орталық бөлу жолағын, заманауи жарықтандыру жүйесін, автобус аялдамаларын және жаяу жүргіншілерге арналған жер үсті өткелін салу қарастырылған. Бұдан бөлек, қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, көлік байланысын жақсарту үшін «таға» пішініндегі екі жолайрық салу жоспарланып отыр.
Жобалау — күрделі әрі көп кезеңнен тұратын процесс. Қазір геологиялық, экологиялық және геодезиялық зерттеулер аяқталуға жақын. Жобалау жұмыстары осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Жобалау нәтижесінде дайындалған құжаттама мемлекеттік сараптамаға жолданады. Сараптамадан оң қорытынды алынып, қаржыландыру бөлінгеннен кейін құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жоба Алматы қаласы мен шекара маңы бағытындағы жол инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды қадамы болмақ.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через