Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды

Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайды
фото: https://pixabay.com/ru

       Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин Қазақстанда қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтерудің салдары туралы айтты. 

       Вице-министр қосылған құн салығы бағаға аса әсер етпейді дейді. 

       "ҚҚС төлейтіндер үшін баға өсімі 2-2,5% мөлшерінде болады деп күтіліп отыр. Ол аса байқалмайды, өйткені көптеген тауар өндіруші салықтан босатылған", – деді Азамат Амрин.

       Оның айтуынша, ең қажетті азық-түлік өнімдерін өндіретін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, шаруа қожалықтары ҚҚС-тен босатылған.

       Алайда журналистер ҚҚС мөлшерлемесін қайта қараудан кейін дағдарыс бола ма деп сұрады.

       "Құн салығын көтергеннен дағдарыс болмайтыны анық. Мысалы, ертең, Құдай сақтасын, пандемия болуы мүмкін. Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесінің өсуін дағдарыспен тікелей байланыстыру дұрыс емес", – деді вице-министр.

       https://stan.kz/