Келесі жылдан бастап көлік нөміріне иесінің есімін жазуға болады

Келесі жылдан бастап көлік нөміріне иесінің есімін жазуға болады
фото: pixabay.com

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Өзавтомотобелгі» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнына ашық электрондық аукцион арқылы алтыға дейінгі әріптерден және (немесе) сандардан тұратын автокөлік құралдарына «бірегей» мемлекеттік нөмір белгілерін беру құқығы беріледі. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы қабылданды, деп хабарлады ӨзА.

kaz.inform.kz жазғанындай, бұл ретте «бірегей» мемлекеттік нөмірлер қолданыстағы мемлекеттік нөмір белгілерін қайталамауы және заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін мағынаға ие болмауы керек.

Мәселен, енді көшелерден «САРВАР», «АЗИЗА», «ОДИЛ» немесе «БҰХАРА» деп жазылған нөмірлі көліктерді көруіміз мүмкін.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.