фото: https://stan.kz/
Алматылықтардың мобильді телефондарына жер сілкінісі туралы хабарламалар келді.
Қала тhttps: төтенше жағдайлар департаменті қызметі тұрғындарға сабыр сақтауды сұрап, "сейсмологтардан ақпарат түспегенін" мәлімдеді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялары желісі 2025 жылғы 21 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 16:25:19-да жер сілкінісін тіркеген. Алайда Алматы қаласында жер сілкінісі сезілмеген.
“Жер сілкінісінің координаттары: 43.165 солтүстік ендігі, 76.824 шығыс бойлық. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 9 км оңтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7.2, MPV магнитудасы – 3.8. Есептік қарқындылығы (баллмен) – сезілмеді”, – делінген хабарламада.
Алматылықтар жер сілкінісі туралы хабарламадан шошып, жанталаса үйден шыққандарын айтып жатыр.
Тіпті, сауда ойын-сауық орталықтарынан адамдар эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар министрлігі Mass Alert жүйесі автоматты режимде іске қосылғанын айтады.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через