фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/ViewApart
Алматыда қазанның аяғына дейін электрсамокаттарға арналған пилоттық тұрақтар іске қосылады деп жоспарланып отыр.
Әкімдік мәліметінше, алғашқы кезеңдерде екі доңғалақты көлікті қалдыруға рұқсат етілетін 10 арнайы орын жабдықталады.
"Біз бүгінде пилоттық түрде 10 орынды анықтап қойдық және оларды белгілеу арқылы тұрақты тұрақ орындарын жасағымыз келеді. Осы 10 орын бойынша пилоттық жобаны осы аптада-ақ бастаймыз", – деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Құмарғазин.
Жоспар бойынша пилоттық жоба қазанның аяғына дейін жүзеге асырылады.
https://kaz.tengrinews.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через